Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирінде 3-орынға таласады

12.05.2023    Оқылғаны: 1483
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінің финалистері анықталды.

Қазақстандықтар жартылай финалда жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің екі дүркін финалисі Оңтүстік Корея құрамасына жол берді.

Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ким Мубибуге есе жіберді 3:6, 0:6.

Әмір Омарханов таразы басын теңестірді. Есеп 4:3 болған мезетте кореялық теннисші ракеткасын мінбеге лақтырып, ол балаға тиді. Сол себепті рефери кореялықты ойыннан шеттетті.

Үшінші, шешуші ойында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарынан ұтылды - 4:6, 3:6.

Ертең Қазақстан үшінші орын үшін Таиланд немесе Жапония құрамасымен кездеседі.

Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Таиланд командалары әлем чемпионатына жолдама алды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер