Теннистен Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды

13.04.2023    Оқылғаны: 1102
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Астанада Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды.

Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.

Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13.30-да кортқа шығады.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.

photo

Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындаға Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойындар да 13.30-да басталады.

Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер