Бейбіт Жұқаев Францияда негізгі турнирге жолдама алды

27.03.2023    Оқылғаны: 560
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияда Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.

Ақтау теннис мектебінің түлегі алдымен оңтүстіккореялық Джи-Сун Намды тартысты бәсекеде 6:1, 6:7 (11:13), 6:3 есебімен ұтты. Содан кейін іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 298-ракеткасы, чехиялық Йонес Форейтекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, негізгі жарысқа жолдама алды.

Бейбіт Жұқаев челленджер додасының алғашқы айналымында әлемнің 99-ракеткасы, аустралиялық Макс Перселмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 348-орында тұрған франциялық Кенни де Схеппермен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер