Юлия Путинцева Әбу-Дабиде 2019 жылғы АҚШ чемпионын ұтты

08.02.2023    Оқылғаны: 1197
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, 2019 жылғы US Open турнирінің чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қарсыластар үш-үштен брейк алмасты. Тай-брейкте қазақстандық теннисші айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:2).

Екінші сетті Юлия брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер