15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды

05.02.2023    Оқылғаны: 979
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атандыі.

Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

«Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім», деді Омарханов.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.

Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина - Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер