
Дэвис кубогі: Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты
Ла-Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Қазақстан – Чили іріктеу матчы жалғасуда.
Екінші күні кортқа бірінші болып жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Алехандро Табило – Томас Барриоспен шықты.
Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чилилік жұп брейк жасап кетті. Содан кейін доп бергенде, өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 6:4. Екіншіі сетте есеп 5:5 болғанда, корт иелері тағы брейк жасады. Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.
Осылайша, Чили Қазақстанмен матчта 2:1 есебімен алға шықты.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
07.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі