
Дэвис кубогі: Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті
Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Чили – Қазақстан іріктеу матчы өтіп жатыр.
Бастапқы кездесуде Тимофей Скатов қарсыласын жеңгеннен кейін, кезек Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликке келді.
Николас Харри бірінші партияда бірден брейк жасап, алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2, содан кейін сетті сәтті бітірді – 6:2.
Екінші сетте чилилік теннисші брейкпен бастағанымен, қазақстандық спортшы сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Алайда қайтадан өз геймдерін беріп қойды – 2:5. Харри матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:2.
Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша, Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті. Есеп – 1:1.
Жексенбі күнге үш ойын белгіленген. Бірінші болып кортқа Андрей Голубев пен Александр Недовесов, Томас Бариош/Алехандро Табило қарсы ойнайды. Сосын, Александр Бублик Кристиан Гаринмен соңғы ойында Тимофей Скатов Николас Джарримен шайқасады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.