
Дэвис кубогі: Қазақстан – Чили матчының жеребесі тартылды
Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында өтетін Чили – Қазақстан іріктеу матчының жеребесі тартылды.
4 ақпан, алғашқы күні бірінші болып кортқа Тимофей Скатов пен Кристиан Гарин шығады.
Бәсеке Астана уақытымен сағат 21.00-де басталады. Содан кейін Александр Бублик пен Николас Харриге кезек келеді.
Келесі, 5 ақпан күні сағат 22.00-ден бастап үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Алехандро Табило – Томас Бариошпен шеберлік байқасады. Сосын Бублик Гаринмен, Скатов Харримен ойнайды.
Жеңімпаз команда Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
04.12.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
30.11.2023
ҚТФ баспасөз қызметі