
Скатов Чилидегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген Петропавл теннисінің түлегі екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 260-орында тұрған колумбиялық Николас Мехиямен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 102-інші, турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездеседі
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі