
Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде сәтті ойнап жатыр
Қазақстандықтар, әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық жұп бастапқы кездесуінде жапониялықтар Эрина Хаяши – Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен таласады.
Жекелей сында қазақстандықтар екінші айналымнан аса алмады.
Аустралияда «Мельбурн Парк» стадионының атақты корттарында Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер жарысы өтуде. 14 жастағы қазақстандық Альбина Кәкенова финалға шықты. «В» тобында Альбина үш матчта да жеңіске жетті. Ертең финалда жапониялық Хикари Ямоммотомен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.