Australian Open: Елена Рыбакина жұптық сында ширек финалға шыға алмады

23.01.2023    Оқылғаны: 597
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 10-ракеткалары, жапониялықтар Сухо Аояма – Эна Шибахарамен шеберлік байқасты. Жапониялық жұп 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина енді жекелей сында ғана жарыс жолын жалғастырады. Ол ертең әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер