Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

20.01.2023    Оқылғаны: 761
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзды 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Биыл қос теннисші Аделаидада кездесіп, онда қазақстандық теннисші 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Елена өз спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына өтті. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер