Australian Open-2023: Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

18.01.2023    Оқылғаны: 735
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті – 6:2. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1.

Бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингте 133-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың біреуімен кездеседі. Елена жуырда Д.Коллинзді Аделаидада 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан еді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер