Australian Open-2023: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен өткізді. Бірінші партияда үш брейк жасаған испаниялық спортшы 6:0 есебімен ұтты. Екіншісінде Александр Бублик тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:3). Үшіншісінде Бублик алға шықты - 6:3. Алайда қалған екі сетте испаниялық теннисшінің басымдылығы байқалды - 6:4, 6:3.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
16.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
13.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
11.09.2024
ҚТФ баспасөз қызметі