
Aystralian open-2023: Елена Рыбакина ерекше рекорд орнатты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионаты алғашқы күнінің қорытындысы бойынша доп беруден үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Рыбакина италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берді.
Бұл осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш болып табылады.
Осы «Үлкен дулыға» додасының 22-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ертең екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























