
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастадыі.
Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелгенРыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.
Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы да Елена Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
29.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі


























