Елена Рыбакина Аделаида жарысының финалында жеңіліп қалды

13.01.2023    Оқылғаны: 137
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида 2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге финалда бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді.

Финалға дейін жеткені үшін Елена мен Анастасия 305 рейтингілік ұпайға ие болып, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер