Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты

12.01.2023    Оқылғаны: 3449
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасып 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер