Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты

11.01.2023    Оқылғаны: 1049
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Путинцева екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, испаниялық Нурия Парризас-Диаспен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Юлия жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер