
Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурмен шеберлік байқасты.
Рыбакина – Павлюченкова ірі жарыстың финалына шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























