
Қазақстандық теннисшілер Australian Open турнирінде өнер көрсетеді
Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария етті.
Жекелей сында Қазақстанның барлық көшбасшы теннисшілері Елена Рыбакина, Александр Бублик және Юлия Путинцева өнер көрсетеді.
Оларға іріктеу сайысында бақ сынап жатқан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин қосылуы мүмкін.
Сондай-ақ жұптық сында мына ойыншылар тізімге енді: Андрей Голубев – Александр Недовесов, Александр Бублик – Джон-Патрик Смит (Аустралия), Анна Данилина – Саня Мирза (Үндістан), Елена Рыбакина – Анастасия Павлюченкова (Ресей), Юлия Путинцева – Софья Кенин (АҚШ).
Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі