
Australian Open-2023: Михаил Кукушкин іріктеу сайысының екінші айналымына шықты
Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарын сәтті бастады. Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасты.
Михаил бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен таласады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























