Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен кездесті. Юлия 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, мысырлық Майар Шериф немесе рейтингте 77-сатыдағы испаниялық Нурия Парризас-Диастың біреуімен кезедеседі.
Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге бастапқы кездесуін румыниялық Ана Богдан – ресейлік Ангелина Габуевамен өткізді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте олар қарқынын үдетті – 6:2.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.