
Australian Open-2023: Тимофей Скатов іріктеу сайысын жеңіспен бастады
Қазақстандық Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады.
Әлемнің 144-ракеткасы Тимофей алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 215-орында тұрған америкалық Николас Морено де Альборанмен кездесті. Қазақстандық спортшы екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті
Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 155-ракеткасы, чилилік Николас Харримен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингте 195-орындағы Михаил Кукушкин іріктеу сайысындағы бастапқы кездесуін әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен өткізеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
06.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі