
Елена Рыбакина Аустралиядағы жарыста жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші әлемнің 16-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен кездесіп, 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те Окленд (Жаңа Зеландияя) АТР 250 жарысында жеңіліс тапты.
Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 53-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенге 3:6, 4:6 есебімен жол берді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.





























