Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

02.01.2023    Оқылғаны: 912
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 14-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен кездесті.

Бірінші партия аяғына таман брейк жасаған америкалық спортшы басым түсті – 7:5.

Екінші сетте есесіне қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да Е.Рыбакина қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 4:1. Тағы бір брейк – 5:1. Бұдан кейін қарсыласы есепті қысқартқанымен, Елена екінші рет матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3.

Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 69-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер