Александр Бублик Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісін жоғары бағалады

29.12.2022    Оқылғаны: 1095
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісін жоғары бағалады.

Қазақстан құрамасы сапында United Cup жарысында сынға түсетін Александр Бублик еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдондағы чемпиондық өнеріне қатысты өз пікірін білдірді.

«Бұл еліміз үшін өте маңызды. Мен Қазақстанға келгенде, оның табысы көптеген балалардың тенниске келуіне себепші болғанын көрдім. Еленамен және елімізбен мақтанамын. Біздің спорт түріне балалар бұрын да аз келмейтін, енді тіпті көбейе түсті. Бұл еліміз және ол үшін үлкен жетістік», деді А.Бублик.

Бүгін Қазақстан құрамасы Брисбенде United Cup командалық турнирінде Швейцариямен алғашқы матчын өткізеді. Юлия Путинцева әлемнің 12-ракеткасы, Токио олимпиадасының чемпионы, Билли Джин Кинг кубогінің жеңімпазы Белинда Бенчичпен, Тимофей Скатов Марк-Андре Хуслермен кездеседі. Ойындар Астана уақытымен 15.00-де басталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер