Қарағандыда қайта жөндеуден кейін теннис кешені ашылды

29.12.2022    Оқылғаны: 794
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Кеншілер қаласында тағы бір теннис орталығы қалпына келтіруден кейін пайдалануға берілді. Жобаның бастамашысы еліміздегі теннисті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы болды.

2013 жылы ашылған спорт ғимаратын қалпына келтіру қажет болды. Жаңартудың арқасында қосымша корт салынды. Қазір хард қатты жабындысы төселген төрт корт бар. Жаңа жарықтандыру жабдықтары орнатылды, турнир барысында теннисшілер тұрақтайтын қонақ үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар мен қонақтар ыңғайына асхана жұмыс істейді. Орталықта қажетті спорт құралдары, жабдықтар, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналары бар жаттығу залы бар.  

Қарағандыда екінші толыққанды теннис орталығының ашылуы өңірдегі бәсекелестікті, жаппай теннис сабақтарын күшейтуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, Қазақстан теннис федерациясы спорттық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөледі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер