
Қазақстан теннисіндегі тарихи жыл Рыбакинаның «дуылғасы», Бубликтің титулы, Астанадағы жұлдызды АТР 500 және жасөспірімдер құрамасының жетістігі
Айя Нупбай мен Асылжан Арыстанбекова жерлесіміз теннисте ерекше рекордқа ие болды! Айя мен Асылжан ITF Juniors санатындағы жұптық сында 9 жарысында жеңімпаз атанды, оның жетеуін қыздарымыз 2022 жылы жеңіп алды!
Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер керемет нәтижелерге қол жеткізді: Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Еуропа рейтингінде ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрды, үш қазақстандық теннисші 2022 жылды Азия рейтингінде бірінші орынмен аяқтады: олар: Альбина Кәкенова, Сафина Сафиулина (Алматы) және Темірлан Кәрім (Астана). Аружан Сағандықова, Сандуғаш Кенжібаева, Жанель Рүстемова және Максим Батютенко жасөспірімдер арасындағы барлық төрт «Үлкен дулыға» турнирінде өнер көрсетті.
Қазақстандық Юлия Игнатченко мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Юлия әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақты қазақстандықтар арасынан бірінші болып алып отыр. Күміс белгіге (Silver Badge) қол жеткізу үшін кемінде халықаралық деңгейдегі 60 матчқа қазылық етіп, алтын белгісі бар төрешілер мен супервайзерлерден жақсы баға алу керек. Сосын ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиын өткізіп, кімге беретінін шешеді. Күміс белгі иегерлері «Үлкен дулығадан» бастап кез келген негізгі жарыстарға қазылық жасай алады.
Қазақстандық, әлемнің 142-ракеткасы Тимофей Скатов италияның Парма қаласында өткен челленджер турнирінің чемпионы атанды. Солтүстік қазақстан облысының тумасы қазақстандықтарды осы жеңісімен қуантты. Финалда Тимофей дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ойында Скатов 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей өзінің теннистік мансабында жекелей сында алғашы Челленджер санатындағы чемпинодық атағына қол жеткізді.
Қазақстанның әйелдер құрама командасы алғаш рет ілем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, Елена Рыбакина бастаған қыздарымыз Астанада азулы Германия кұрамасые 3:1 есебімен жеңді. Топтық кезеңде біздің команда Ұлыбритания құрамасын жеңіп, ал екінші ойында өкіншкі орай Испания құрамасына жол беріп жартылай финалға шыға алмады. Дегенмен, біздің құрама рейтингте әлемнің үздік 10 командасының қатарына кірді. Ал, Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде үшінші рет өнер көрсетті.
2022 жыл қазақстандық жас теннисшілер үшін табысты болды. Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында мәреге жеткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік төрттікке ілікті. Қазақстандық жасөспірімдер мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқанына қарамастан, әлемдегі үздік құрамалармен терезесі тең өнер көрсетті. Топтық бәсекеде әлем чемпиондары - Италия құрамасын жолдан тайдырып, ширек финалға шықты. Өкінішке қарай, қола жүлде үшін матчта қазақстандық жасөспірімдер әлемнің екі мәрте экс-чемпионы - АҚШ құрамасына жол берді.
Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, сол кезде әлемнің 3-ші ракеткасын неміс Александр Зверевті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ATP 250 сериясындағы жарыста иеленген алғашқы жүлде. Бұған дейін ол төрт финалда жеңіліп қалған.
Аустралия ашық біріншілігі жұптық сайысының финалисі болған Анна Данилина өтіп бара жатқан жылдағы қазақстандықтардың жеңісті жолын жалғастырды. Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатриз Аддад Майямен финалда чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковадан 7:6, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Жалпы, бір жыл ішінде Анна жеті турнирде жеңіске жетті (оның 2-і WTA 500 және 250 санатында), осы жетістіктер арқасында Данилина WTA қорытынды чемпионатына қатысуға және жыл соңында әлемдік жұптық рейтингте 11-орынға ораналасуына мүмкіндік берді.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ATP 500 сериясының турнирі үлкен табыспен өтті. Оған әлем рейтингісіндегі ТОР-10 тізімінің 6 ойыншысы қатысты. Astana Open трансляциясын әлемнің 170 елінен 7 миллионнан астам адам тамашалады. Турнирді ойыншылар мен ATP өкілдері жоғары бағалады. «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Сербиялық теннисші финалда әлемнің 6-ракеткасы, грециялық Стефанос Циципасты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 35 жастағы Джокович АТР санатындағы 90-шы титулын қоржынына салды.
Өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғасы ол әрине Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022 турниріндегі жекелей сындағы жеңісі. Финалда Елена тунистік теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде, 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.