Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

25.12.2022    Оқылғаны: 806
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League (WTL) командалық турнирінің жеңімпазы атандыі.

Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті. Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады. Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін де ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер