
Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді
Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентекпен кездесті.
Рыбакина қарсыласынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Елена өнер көрсететін «Хоукс» («Қаршығалар») командасы «Кайтспен» («Әуе жыландары») бәсекеде 11:4 есебімен алға кетті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
06.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі