Қазақстандық теннисшілердің ITF турнирлеріндегі жетістіктері

11.12.2022    Оқылғаны: 959
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

станада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті.

Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты. Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, чемпион атанды – 6:2, 6:3.

Ұлдардан Ілияс Маратұлы абсолютті жеңімпаз болды. Ол жекелей сында командаласы Кирилл Колгановтан басым түсті – 6:4, 6:3. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Илья Ведмедьпен бірге соңғы бәсекеде отандастары К.Колганов – Виталий Зацепинді жеңді – 1:6, 6:1, 10:2.

Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында аяқталған ITF World Tennis Tour W15 жарысында Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова жұптық сында финалға дейін жетті. Олар шешуші бәсекеде доданың бірінші ракеткалары, қытайлық Тайбэй өкілдері Сунь Чо – Цен Чоға ғана есе жіберді – 1:6, 0:6.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер