Михаил Кукушкин Италиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

28.11.2022    Оқылғаны: 554
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Соңғы бәсекеде қазақстандық теннисші әлемнің 197-ракеткасы, швейцариялық Леандро Рейдльмен кортқа шықты.

Тартысты өрбіген бірінші партияда 20 жастағы швейцариялық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:4). Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер