Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды

27.11.2022    Оқылғаны: 159
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен кездеседі.

Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогінің финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер