Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің финалына шықты

27.11.2022    Оқылғаны: 610
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 98-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Михаил Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 18 минутқа созылған матчта Кукушкин эйс жасамағанымен, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Фучович 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Кукушкин финалда әлемнің 197-ракеткасы, швейцариялық Леонардо Рейдимен бас жүлдені сарапқа салады.

Өз спорттық жолында қазақстандық теннисші жекелей сында 14 рет челленджер жарыстарының жеңімпазы атанды. Соңғы рет Михаил 2018 жылы Ирвингте (АҚШ) үздік шықты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер