Теннистен Қазақстан қомандасы жаңа турнирде ойнайды

23.11.2022    Оқылғаны: 2044
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа жарыс – United Cup кубогінде ойнайды.
 

United Cup турнирі Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында 29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді.

Жаңа аралас командалық додаға 18 құрама қатысады.

Турнирдің ресми сайты мәлім еткеніндей, соңғы құрама ретінде Қазақстан анықталды.

Қазақстандықтар B тобында Польша және Швейцария командаларымен шеберлік байқасады.

Бұл беделді жарыста ел намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова қорғайды.

Топтардың толық құрамы мынадай болды.

A тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

B тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

C тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер