Ева Корышева Испаниядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

21.11.2022    Оқылғаны: 1188
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
азақстандық Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
 

Айтулы додаға АҚШ, Аустралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жасар Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты.

Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық Томирис Нұржанмен бірге соңғы бәсекеде Г.Немчек – румыниялық Анастасия Предадан айласын асырды – 6:2, 6:2.

Биылғы жыл Ева Корышева үшін табысты болды. Tennis Europe сериясымен өткен 4 турнирде жеңімпаз атанса, соның үшеуі жекелей сын еді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер