
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта!
Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жария етті.
Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 10-орынға ораналасып, үздік ондықта қалды. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр.
Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.
Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.
Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:
1. Аустралия - 1142;
2. Швейцария - 1041;
3. Испания - 929;
4. Чехия - 922;
5. Франция – 910;
6. Канада - 815;
7. АҚШ - 793;
8. Словакия - 779;
9. Германия - 777;
10. Қазақстан – 739
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
01.06.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
01.06.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
31.05.2023
ҚТФ баспасөз қызметі
30.05.2023
ҚТФ баспасөз қызметі