Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады

16.11.2022    Оқылғаны: 900
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев челленджер турнирлерін жеңіспен бастады.
 

Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Михаил ширек финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Жукаев Жапонияның Кобе қаласында бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Бейбіт корт иесі Ючи Сугитаны 4:6, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 24 эйс жасап, көзге түсті. Ол екінші айналымда әлемнің 84-ракеткасы, доданың бірінші ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер