Туған күніңіз құтты болсын, Болат Жәмитұлы!

13.11.2022    Оқылғаны: 1179
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов өзінің туған күнін тойлайды. Біздің елдің теннис қауымдастығы оның атына келген көптеген құттықтауға қосылады, барлық бастамасында жетістік, сәттілік пен шабыт, ал күнделікті өмірде денсаулық пен береке тілейді.
 
Болат Жәмитұлының меншікті мерекесі қарсаңында ҚТФ баспасөз қызметі оның теннистегі ғұмырының ең маңызды оқиғалары мен жетістіктерін еске алуды жөн көріп отыр.
 
Бастау
 
Болат Өтемұратов 2007 жылдан бастап  Қазақстан Теннис Федерациясының президенті қызметін атқарып келеді және теннис спортын елде ғана емес, әлемдік аренада да жүйелі түрде ілгерілетуді жалғастырып жатыр. Ол 2015 жылдан бастап Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің және Дэвис Кубогы комитетінің құрамына кіреді. Араға төрт жыл салып, 2019 жылдың қыркүйегінде ITF Директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды. Ол ең көп дауысқа ие болды және 1 қазанда ITF ұйымының төрт вице-президентінің бірі болып тағайындалды. Осылайша, ТМД елдерінің өкілі теннис тарихында алғаш рет ITF вице-президенті лауазымына ие болды.
 
Балаларды тенниске тарту
 
Өткен 15 жыл ішінде еліміздің әрбір ірі қаласында заманауи халықаралық талаптарға сай кемінде бір теннис орталығы салынды. Балалар топтары жұмыс істей бастады, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жасақталды. Инфрақұрылымды дамыту, әртүрлі жастағы адамдарға аталған спорт түрінің қолжетімділігін, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстандықтарға үздік ойыншылардың қатарында орнығуға мүмкіндік беретін Team Kazakhstan жобасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл Дэвис Кубогы мен Билли Джин Кинг Кубогының ұлттық командаларын және жеке теннис резервін қалыптастыру үшін құрылған бірегей спорт мектебі болып саналады.
 
Қазақстан құрамасының тың серпіні
 
Осыдан он жыл бұрын теннистен қазақстандық ерлер құрамасы әлемнің үздік ТОР-10 тізіміне кіреді деп ешкім болжай алмаған. Бірақ Болат Өтемұратов бұған сенді және оның үміті ақталды! Біздің команда Дэвис Кубогының ширек финалында алты рет ойнады және қыздар ұлттық құрама командасы өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг Кубогының финалдық топтық кезеңінде ойнады
 
Жетістіктер
 
Тек биылдың өзінде бірнеше маңызды рекорд орнады. Алғаш рет Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде чемпион атанды. Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық біріншілігінің финалына шықты. 14 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер құрама командасы үздік төртікке тұрақтады 2021 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ел тарихында алғаш рет ATP 500 санатындағы турнир өтті, бұл жарытса 21 үлкен дулыға турнирінің 21 дүркін жеңімпазы сербиялық Новак Джокович топ жарды.
 
Халықаралық қауымдастықтың мойындауы
 
2017 жылы Болат Жәмитұлы теннисті дамытуға жұмсаған күш-жігерінің арқасында Халықаралық теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының «Қазақстандағы теннисті дамытудағы үздік жетістіктері үшін» сыйлықтарымен марапатталды. Бұл оның тек отандық қана емес, сондай-ақ әлемдік спорт алдындағы еңбегін жоғары халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді.

 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер