Александр Недовесов Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанды

13.11.2022    Оқылғаны: 1219
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава қаласында (Словакия) өткен Peugeot Slovak Open челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
 

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жүлде қоры 68 мыңдай еуроға бағаланған жарыста үздік шықты.

Доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда чехиялықтар Петр Ноза - Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Недовесов өзінің спорт жолында челленджер турнирлерінде 25-титулына қол жеткізді. Соның үшеуін жекелей, 22-сін жұптық сында жеңіп алды. Өткен жыл Недовесов үшін аса табысты болды, ол жеті рет чемпион атанды. Бұл - оның жеке рекорды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер