
Қазақстандық жас теннисшілер Өскемендегі турнирде табысты өнер көрсетті
Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті.
Аталмыш халықаралық жарыста қазақстандық жастар табысты өнер көрсетті. Бозбалалар арасында Ілияс Маратұлы финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ресейлік Амирхамза Насридиновке жол берді – 2:6, 1:6.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Виталий Зацепин жұптық сында Насридиновпен бірге финалда ресейліктер Даниэль Хазиме – Олег Колниновті 6:1, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.
Қыздар арасында алматылық Іңкәр Дүйсебай ресейлік Кристина Сидоровамен бірге финалда қазақстандықтар Әдемі Аманкелді – Сати Әубәкірованы 7:5, 7:6 (7:0) есебімен қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Іңкәр жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























