Билли Джин Кинг Қазақстан құрамасымен кездесті
2020 жылдың күзінде халықаралық теннис федерациясы әйелдер арасында командалық әлем чемпионатының атауын өзгерту туралы шешім қабылдағаны белгілі.
Федерация кубогі Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) негізін қалаушылардың бірі Билли Джин Кинг кубогі болып аталды.
«Үлкен дулыға» турнирлерін 39 рет (12-сі – жекелей, 16-сы – жұптық сында, 11-і – миксте) ұтқан теннисші Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерімен арнайы жолықты.
Билли Джин қазақстандықтарды әлем чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсетуімен құттықтап, табыс тіледі.
Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова Кингтің сауалдарына жауап берді. Атақты теннисші осы спорт түрінің дамуы, әсіресе, әйелдер мен жеткіншек қыздар арасында қандай деңгейде екендігі туралы сұрады. Ярослава біздің елдегі теннистің қазіргі жай-күйі, болашағы жөнінде әңгімелеп берді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.