
Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңіліп, Әлем чемпионатынан шығып қалды
Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Испанияға жол берді.
Екінші бәсекеде Қазақстан мен Испанияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Паула Бадоса шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездесіп, соның үшеуінде Бадоса жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда екі мәрте брейк жасаған испаниялық теннисші басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте қазақстандық спортшы брейкпен есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші партияны Елена Рыбакина брейкпен бастады – 2:0. Алайда көп ұзамай қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік берііп қойды. Ақыры Бадоса кездесуді тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4. Осылайша, бес мәрте әлем чемпионы Испания құрамасы 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейтін еді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























