Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңіп кетті

09.11.2022    Оқылғаны: 1356
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын ұтты.
 

Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты.

Осыған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласқан. Екеуінде де қазақстандық теннисші британдықтан айласын асырды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Рыбакина дес бермей, қатарынан бес геймді алды - 6:1.

Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер