
Ұлыбританиямен матчта Юлия Путинцева Қазақстанды алға шығарды
Кортқа алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингіде 124-орында тұрған Кэти Бултер шықты.
Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен еді. Ойынның бірінші сетігде Бултер ойын соңына дейін басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші партияда керісінше қазақстандық спортшы брейк жасап, есепті 4:2-ге жеткізді. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Путинцева қатарынан екі брейк жасады – 4:0. Содан соң өзінің екі геймін алды – 6:2.
Осылайша, Юлия командасын алға шығарды. Есеп – 1:0, Қазақстанның пайдасында.
Екінші ойында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 98-сатыдағы Хэрриет Дарт шеберлік байқасады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























