Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

02.11.2022    Оқылғаны: 1052
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Жанель Рүстемова жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты.
 

Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық жұп түркиялық Нехир Доган – болгариялық Эмма Фантусиспен шеберлік байқасты.

Кенжебаева мен Рүстемова тартысты бәсекеде жеңісті жұлып алды – 4:6, 6:0, 10:4. Қазақстандық жұптың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. 17 жастағы Аружан Сағандықова іріктеу сайыстарының финалында швециялық Нора Свенсонды тізе бүктірді – 6:2, 7:6 (7:3). Ал 18 жастағы Жанель словениялық Брина Сулиннің меселін қайырды – 6:3, 6:4. Енді олар негізгі додада бақ сынайды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер