Голубев пен Недовесов Швейцариядағы жарыстың финалына шыға алмады

30.10.2022    Оқылғаны: 575
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады.
 

Қазақстандық жұп жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында брейк жасаған хорватиялық-америкалық жұп таразы басын өздеріне аудара білді – 6:3. Осы жағдай екінші сетте де қайталанды – 6:4.

Жалпы, бұл дода Голубев пен Недовесов үшін табысты болды деуге болады. Олар өз спорттық жолында жұптық сында алғаш рет ATP 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетті.

Сондай-ақ осы Швейцариядағы жарыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің тоғызыншы ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссимге 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер