Голубев пен Недовесов Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына шықты

27.10.2022    Оқылғаны: 874
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы мықтылары Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
 

Қазақстандық жұп ширек финалда бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега Эрнандеспен күш сынасты. Голубев пен Недовесов қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов финалға шығу үшін хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен кездеседі. Бұл жұп ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары, сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Жан-Жюльен Ройерді қапы қалдырды – 6:4, 6:3.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер