Александр Бублик Швейцария турнирін сәтті бастады

25.10.2022    Оқылғаны: 941
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцария турнирінде алғашқы кездесуін өткізді.
 

Бублик ресейлік теннисші Аслан Карацевпен (әлемнің 60-ракеткасы) ойында екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 21 минутқа созылды. 

Жарыстың екінші айналымында Александр испаниялық Альберт Рамос немесе итальялық Лоренцо Музеттимен ойнайды. 

Айта кетейік, Бублик қазіргі уақытта АТР (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) рейтингінде 38-інші орында тұр. Ал Карацев болса Ресейдің 4-ракеткасы және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері (миксте).



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер